Періште қыз! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Періште қыз!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1040
Жүрегімде жүзіңнің табы қалған,
Жанарымнан жылжыды ағып арман.
Сені сүйіп құтқарғым келді өзімді,
Асқақ тұру үшін де жабылардан.

Жаралады, жан біткен түсінбеді,
Барлығы паң, ешқайсы кішірмеді.
Періште қыз, перідей арбап ал да,
Күндей күліп, сабама түсір мені...

Періште қыз, кешеге жүгінбедік,
Жүрегіме бекіші бүгін келіп.
Сен қуантшы, жазылар жырым болып,
Мен жатайын жолыңда гүлің болып...

Дайын уайым – ойымды меңдеген күз,
Меңдеген күз, дертіңнен емделерміз.
Періште боп қасымда жүред ылғи,
Пенде болып өмірге келмеген қыз.
ПЕРІШТЕ ҚЫЗ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште қыз! өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Періште қыз! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште қыз! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште қыз! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері