Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық

Бұл бетте «Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық,
Шерімізді іштегі тарқаталық,
Қолыма күн қондырып, айдан сырға,
Жұлдыздардан мойныма алқа тағып.
Өзіңді ойлап ұйқымды он бөлейін,
Жүрегіммен жүрекке жол берейін.
Иығыңа асып тал білегімді,
Жер шарындай би билеп, дөңгелейін.
Теңіздердей толқысам күй өремін,
(Іштей, менің сиынған ием едің).
Дауыл соқса солқылдап ақ қайыңдай,
Асқар шыңым, мен саған сүйенемін.
Аспанымды айналып шағала жыр,
Шақырғандай болады жағаға бір.
Бар шуағын шашқандай бетін беріп,
Құшағыңда тұрғанда маған өмір...
Махаббатың бергендей маған қанат,
Қанатымды ұшамын алауға орап.
Бар қызықты басымнан кешкендеймін,
Қарсы алдыңа отырсам саған қарап.
Шырындай мен, шынында, ғашық па едім,
Арнасынан асқандай тасып көңіл.
Жүрегіме жол соққан жүрегіңмен
Жұлдызымды сөйлетші ашып менің!..
Қабағыңа қанатын жайғандай күн,
Өзің барда көңілге қайғы алмаймын.
Құшағыңнан ашылып кең дүние,
Кең дүниеде тыныстап сайрандаймын.
Өмір деген үстінде сахнаның
Сезім сырын оңаша сапырамын.
Сенің жарық жұлдыздай жүрегіңе
Жүрегімнің жаярмын жапырағын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгіннің біз Шырын мен Фархаты анық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері