Көз алдымнан дидарын кетер емес – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Көз алдымнан дидарын кетер емес» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көз алдымнан дидарын кетер емес,
Бір өзіңе ешбір жан жетер емес.
Тұсау жіптей десе де ғұмыр қысқа,
Сенсіз бірақ күндерім өтер емес.
Айдай болған айналдым маңдайыңнан,
Балдай болған айналдым таңдайыңнан.
Өзің түгіл сөзінді сағындырдың,
Сағыныштан салайын сарғайып ән.
Сағыныштың сарғайтқан саздарында,
Саған айтар бар шығар наздарым да.
Сен де мендей елжіреп ет-жүрегің,
Сен де мендей, білмедім, маздадың ба?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз алдымнан дидарын кетер емес өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Көз алдымнан дидарын кетер емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз алдымнан дидарын кетер емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз алдымнан дидарын кетер емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері