4-хат – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «4-хат» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 590
Жақындау қиын саған,
Құсадан өлер ішім.
Өзіме тиым салам,
Сен соған сенемісің?

Шағылмас тауым анық,
Келмейді күйіп кеткім.
Жанардың жауын алып,
Жүрекке сыйып кеттің.

Байланып тіл де мына,
Қарысты қарыс жағым.
Арта алмай гүлге кінә,
Өзімнен алыстадым.

Сұрықсыз Түн Түріне,
Рең берші, баршы күліп.
Әрбір тал кірпігіңе,
Байлансын бар сұлулық.

Сүйрелеп түзге уақыт,
Жолымды қиюда ма?
Бұйырған бізге бақыт,
Сыртыңнан сүю ғана.

Төзіммен шыдай көніп,
Сезімді сыйлай білдім.
Өзгені былай қойып,
Өзіме қимай жүрмін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

4-хат өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

4-хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

4-хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

4-хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері