Әлемге керекпін Мен! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Әлемге керекпін Мен!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1123
Жанардың қуысында,
Жазбаған жатыр әнім.
Жүрегім, уысыңда,
Жамылар топырағым!

Өзіме өзім бөтен,
Неліктен зорсынамын.
Кездерім төзімге тең –
Келеді жол сұрағым...

Құрдымға түсіп кетпей,
Ішімнен тына бердім.
Жанымнан ұшып кетпей,
Жүрегім тұра бергін!

Сейілмес базынам да,
Жазылмай жатыр әнім.
Өмір боп жазылам да,
Өлең боп оқыламын!

Ақынмын, дерегім саз,
Өрлеймін өр екпінмен!
Әйелге керегім аз,
Әлемге керекпін Мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлемге керекпін Мен! өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Әлемге керекпін Мен! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлемге керекпін Мен! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлемге керекпін Мен! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері