Өлең, жыр, ақындар

Қазақ қызы Жанарға

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3032
(Хамар Құрбановадан)

Бармақ болып, достым Жанар, еліңе
Тағат қылмай, саған сауқат іздедім,
Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге
Минут сайын шыдамадым, төзбедім.
Жанар үшін деп едім мен, анталап
Көктем гүлі алдыма кеп жиылды,
Қиялыма қанат бітті сол сағат,
Қуанышым дастан болып құйылды.
Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін
Жиды тегіс, саған букет таңдадым.
Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін
Жанарға деп, Жанарға деп арнадым.
Бұл ойымнан кенет тоқтай қалдым да,
Көктем емес жүрегімді қармадым,
Жанар досым, дүниедегі ең қымбат
Махаббатым — соны саған арнадым.
Көкірек толы кең дүниедей шаттықпен
Келдім жетіп ұйғыр қызы мен Хамар,
Қатты құшып бір сүйейін ерініңнен,
Құшағыңды аш, қазақ қызы, кел Жанар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыншыларға

  • 0
  • 0

«Ей қосаяқ, шара бас,
Жарғақ құлақ жаңалаш»—
Алдыңда қалам, қарындаш,
Қабағын, түйіп жалан, бас.

Толық

Тазаланған төре

  • 0
  • 0

Таң да атты, күннің көзі күлімдеп,
Жердің жүзін оятатын нұрым деп,
Шашқанда нұр, сайрағанда бұлбұлы,
Еңбекші жас менің сүйер ұлым деп.

Толық

Біреуге

  • 0
  • 0

Көлденеңдеп әр жерден кез келесің,
Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің.
Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен
Адам алмас өзгені жез кересің.

Толық