Мезгіл

Бұл бетте «Мезгіл» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 822
Мінезіңді кім білген
Жүйрік мезгіл қызықсың,
Жас кезімде мен жүрген
Құмға басқа із сызыпсың.
Мен жүгірген жас кезгі
Кетіпті құм өзгеріп,
Бала кезгі, тапшы ізді,
Таба алмассың кез келіп.
Жер келбетін өзгерткен
Күн құйып нұр жарығын,
Жаңа бір леп сездірткен
Өмірің қызық, ауылым.
Құмнан шығып қыратқа
Егіпті ел қырға дән,
Құйылады құлаққа
Бұлақтайын қырдағы ән.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгіл өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Мезгіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері