Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Доп ойнайтын алаңда

Бұл бетте «Доп ойнайтын алаңда» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1162
Жуынып алып шықты олар,
Доп ойнайтын алаңға.
Балаға алаң шып толар,
Жақ-жақ боп, доп қағарда.
Допты асырып лақтырар,
Ортада керме тор тұрды.
Қай жағы өнер арттырар,
Доп тосқан самсап қол тұрды.
Екі жақтан қақпаның
Аузында дайын вратарь,
Қай жақтың әдісі артқанын
Судья тұр сынатар.
Біреу шығып бір жақтан,
Әне допты лақтырды.
Деп қақпаға жолатпан
Вратарьлар сақ тұрды.
Сарт еткізіп соққанда,
Аспандап барып доп төмен
Құлдилап келе жатқанда,
Қағысты допты дөп келген.
Ұтыласып доп қақты,
Балалар біраз ойнады.
Ойындарын тоқтатты,
Кешкі астың боп қалғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Доп ойнайтын алаңда өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Доп ойнайтын алаңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Доп ойнайтын алаңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Доп ойнайтын алаңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері