Сағындым сені, достарым

Бұл бетте «Сағындым сені, достарым» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 1
  • 13106
Сағындым сені, достарым,
Жапанды кезген партизан,
Жолбарыстай жортқан түн,
Жер астында жанған шам:.ч
Арқырай ұшқан алаурап
Пулеметтен атқан оқ,
Жабықсам, жалғыз сырласын
Жадыратар сен де жоқ.
Жапанда жалғыз бір қала
Жаныма менің «тас қорған».
Жақында еді ол мана,
Жан досыма не болған?..
Жатырмын мұнда мен неге,
Жарағым қайда бес қару?!
Жалынбас ғұмыр пендеге
Жалынды жүрек болдың у,
Қасыма келші біреуің,
Қанжарым қайда... автомат?
Қанды кешер кезімде
Қайдан тап болған кровать?
Қамқорым менің жас қана,
Украин қызы қарындас,
Қамықтырма ағаңды,
Бер тілегін, қақпанды аш!..
Уа, партизан, партизан!
Жау жүрек сендер арыстан,
Жойқын жорық болсын қан,
Сен ыстықсың жалыннан.
Сен қымбатсың жарымнан,
Сағындым сені, достарым!
Сағындым сені, партизан!
Сәні жоқ жатқан өмірдің,
Сауығар жарам... аққан қан..
Сабыңа қайта тұрармын.
Саусылдап қару бойымда,
Сан қамалды бұзармын,
Сабылып түннің қойнында»


Пікірлер (1)

Ana

????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым сені, достарым өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Сағындым сені, достарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым сені, достарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым сені, достарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері