Дауыс

Бұл бетте «Дауыс» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Беріктік қаула жүректе!
Тап жолынан таймайтын.
Жалында күш білекте,
Майданда барлық талмайтын.
Даусым дауыл, сөзім от,
Шыжылда жаулар қансырап
Капиталға ажал оқ.
Даусым тапқа шам-шырақ.
Құйыл жыр, теңіз - телегей!
Үде шабам,— шабысым!
Бар майданды жебелей,
Тілімнің уы шашылып,
Тап дұспаны улансын!
Майданға қару асынып,
Шығам, жаулар «туласын»
Сытырла, қалам, жорғала!
Орында ойдың қорғала,
Тұлпарым, сенсің жүйрігім,
Түсейін топқа тайсалмай,
Даңқсыз талап болса да,
Қарыштап жазам денемді,
Толмаса да, толса да.
Ағында, екпін, ағында,
Бұрқырат шаңын даланың,
Дауысым таптық жаңылма!
Қайнатам қару, қолда алмас,
Майданға кірдім тап үшін,
Сайра, жағым, тіл талмас,
Саңқылда, жас дабысым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыс өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Дауыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері