Лермонтов үйінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Лермонтов үйінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2104
Алдында Кавказ аңғары
Отырды ақын көзінде от.
Осы үйде оның бар жаны,
Құйылды нәзік сезім боп.
Осы үйден бір үн ағындап,
Ораған таудың оябын.
Осы үйден бүкіл табиғат
Өзінің тапқан бояуын.
Тұрағын таппай жиһаннан,
Азаттық көксеп аңсаған,
Осы үйде ақын қиялдан,
Өмірге келді қанша адам.
Жүрегін мейлі таласа,
Тағдырдан тайқып қашқан жоқ.
Осы бір үйден аласа,
Көрінді ол елге аспан боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лермонтов үйінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Лермонтов үйінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лермонтов үйінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лермонтов үйінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері