Аманкелді туралы жыр

Бұл бетте «Аманкелді туралы жыр» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3798
(әні бар)
Астындағы шал қасқа ат,
Көкке шапшып атылып.
Келеді батыр қол бастап,
Айқасқа елді шақырып.
Қара бұлтты қылыштап,
От ойнатып аспан тұр.
Қолға Қызыл ту ұстап,
Келе жатыр хас батыр.
Торғай бойын түн бүркеп,
Қанға толды қыр үсті.
Аманкелді жүр сілтеп,
Оңды-солды қылышты.
Ақ сойылдар сыртылдап,
Ақ найзалар жарқылдап.
Ай астында ақ мылтық,
Үн қатады шаңқылдап.
Тебіреніп жатыр қыр,
Төсінен шаң шұбатып.
Аманкелді батыр жүр.
Дұшпандарын сұлатып.
Кеудеде бір от ойнап,
Кек тұтатын намыс-ар.
Жүр майданда атойлап,
Қызыл тулы комиссар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аманкелді туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Аманкелді туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аманкелді туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аманкелді туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері