Дос іздеймін – Құдайберген Қазыбеков

Бұл бетте «Дос іздеймін» атты Құдайберген Қазыбеков жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Дос іздеймін:
Жақсыны жасырмайтын,
Айласын асырмайтын.
Адалды азғырмайтын,
Бәлені қаздырмайтын,
Шындықты жазғырмайтын
Дос табам деп.
Дос іздеймін:
Күндестік қоздырмайтын,
Бірлікті тоздырмайтын.
Өсекті кездірмейтін,
Сырыңды сездірмейтін.
Жақыннан бездірмейтін,
Дос табам деп.
Дос іздеймін:
Серігі-сардары бар,
Шойындай салмағы бар.
Алтындай арманы бар,
Күтетін таңдары бар,
Адал жар-ардағы бар
Дос табам деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос іздеймін өлеңінің авторы кім?

Құдайберген Қазыбеков — осы өлеңнің авторы.

Дос іздеймін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос іздеймін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос іздеймін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері