Тайбурылым – Құдайберген Қазыбеков

Бұл бетте «Тайбурылым» атты Құдайберген Қазыбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тайбурылым, тұлпарым,
Мәпелеген сұңқарым.
Мерейімді өсірші,
Атсын арай нұр таңым.

Қайырмасы:
Қайратыңды ірікпе
Жеткізбеші киікке.
Қазағымның көк туын,
Көтерші бір биікке.

Қарсыласты қалдырып,
Буындарын талдырып,
Тұяғыңның даусынан
Жатсын әлем жаңғырып.

Қайырмасы

Топтың алдын бастаған
Қаламын деп саспаған.
Артындағы тобырды
Шаң қаптырып тастаған.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тайбурылым өлеңінің авторы кім?

Құдайберген Қазыбеков — осы өлеңнің авторы.

Тайбурылым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тайбурылым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құдайберген Қазыбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тайбурылым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері