Семiз бұлттар

Бұл бетте «Семiз бұлттар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Семiз бұлттар сабырлы-ақ.
Теңеме оны босқынға.
Төңкерiлiп, дамылдап
Жатыр аспан астында.
Бар дегендей бастанғым –
Жатыр үнсiз тыныққан –
Өрiсiнде аспанның
Кiлең семiз бұлттар!
Аспанды алып жатыр-ай!
Таяп қалған екiндi.
Түгiн тартсаң,
апыр-ай,
май шығатын секiлдi.
Неткен сұлу жарасым, –
Көздi сал да, көр қызық! –
бара жатыр, қарашы,
қарынымен жер сызып.
Бет түзеген асқарға.
Бiр-бiрiне телiнген.
Шүйгiнi жоқ аспанда
қалай олар семiрген?!
Бұлттарым тыныс қып
майға бөккен малшынып.
Тұла бойы ырыс, құт,
тұла бойы молшылық.
Қанша сұлу, қанша елес:
бұлттар жатыр жантайып –
денесiнен,
тамшы емес,
кететiндей май тамып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Семiз бұлттар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Семiз бұлттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Семiз бұлттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Семiз бұлттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері