Оян, қазақ – boranbayuly88

Бұл бетте «Оян, қазақ» атты boranbayuly88 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Оян, қазақ

Оян, қазақ, көзіңді аш, көтер басты...

Міржақып Дулатұлы

Оян, қазақ! Көтер, қәне, басыңды!
Өркениетке көрсетпеші жасыңды.
Тақымыңа қысып алып ғасырды,
Эверестке шығар енді тасыңды.
Сәйгүлікке бас қамшыңды, шаба бер!
Жалын болып, отың өшпей жана біл!
Ел байрағың, ел намысың түсірме,
Баһадүрсің – сені есіңе алады ел!
Оян, қазақ! Алға басып, тоқтама,
Мейірім төгіп жақынға да, жатқа да.
Ұрпақ үшін басын тіккен бәйгеге,
Аталарым суға түскен, отқа да.
Жауға шапқан батырлардың ұлысың,
Данышпан ел, кемеңгер ел, ұлысын.
Қаскөйлердің басын шапқан бабамның,
Ез ұрпағы болғанымыз құрысын!
Оян, қазақ! Оян, енді, еңселім!
Жығылсаң да көтереді жер сені.
Бабам тілі – ана тілді қадірле,
Арқасүйер бойтұмарың ол сенің!
Әз қазағым – аз қазағым жүрегім,
Тәуелсіз боп бүгін қайта түледің.
Бұл әлемге қазақ болып тумасам,
Сормаңдай боп жүрер едім, білемін.
Оян, қазақ! Баянды елсің бағы бар,
Өзге жұртқа мәрттігімен танылар.
Кеудесіне күллі әлемді сыйғызар,
Жұдырықтай жүрегіне табынам.
О, қазағым, о, ғажабым, өр елім!
Ақ жүректен ақ өлеңді төгемін.
Шет елдерді теңіз бенен көл десем,
Мен өзіңді тынық мұхит дер едім.
Оян, қазақ! Аттың басын бұр маған,
Міржақып та жүрегіңнен жырлаған.
Бар ғаламға әйгі қылғай даңқыңды,
Көксеп өтті бұны сақ пен ғұн бабам!
Оян, қазақ! Нұрын төксін таң күліп,
Айналаңды жырға бөле, ән қылып.
Қазақ емес, ғажап ұлтсың, ендеше,
Ғажайыптан айырмасын мәңгілік!

Айтуар Бекежанов


Пікірлер (4)

Айым

Тақырыбы Айтуар Боранбайұлы Бекежанов па?

boranbayuly88

Оян қазақ

Айым

Тақырыбына онда Оян қазақ деп жазу керек қой)

Айтуар

Алла қаласа өзгертем. Уақыт болса.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян, қазақ өлеңінің авторы кім?

boranbayuly88 — осы өлеңнің авторы.

Оян, қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян, қазақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде boranbayuly88 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян, қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар