Неге біз осы?!

Бұл бетте «Неге біз осы?!» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1433
...Ерлікті өстік аңсап біз,
Елдікті өстік аңсап біз.
Бағынбай шекпен-шендіге,
Табынбай таққа – мансапсыз.
Көшіп бір жүрдік кең жерде,
Домбыра тартып, ән сап біз.
Өркендеп өстік
Өлкемде –
Өтірік,
Өсек-жаңсақсыз.
Әкеміз – Батыр еді ғой,
Шешеміз
– Асыл еді ғой,
Неге біз осы қорқақпыз,
Неге біз осы жалтақпыз?!
Неге біз осы?!.
....Айдаса біреу – көнгішпіз,
Алдаса біреу – сенгішпіз,
У берсе – іше береміз,
От-суға түсе береміз.
Желіктіргенге желп етіп,
Еліктіргенге елп етіп,
Аңдамай дос па, дұшпан ба,
Соңынан неге ергішпіз?!
Басқанікін мін демей,
Өзгелерді күндемей,
Өзіміздікін көргішпіз.
Неге біз осы?!.
...Арманға, рас, асықпыз,
Асудан біраз асыппыз.
Тасудай біраз тасыппыз,
Айрылып малдан – байлықтан,
Қалған да кез бар кәсіпсіз.
Жайшылықта көсіліп,
Жау тигенде өшігіп,
Басымызды қосыппыз!..
Өлімге қимас бір-бірін,
Өмірге құштар ғашықпыз.
Жылмиып келсе сыр бермей,
Жауға да құшақ ашыппыз.
Күндердің бір күнінде
Баса көктеп әлдекім
Есіктен кіріп төрлесе,
Байлығыңды бер десе...
Атадан қалған мүлікті,
Асырап-баққан түлікті
Алды-артына қаратпай,
Ағызып судай шашыппыз.
Неге біз осы жасықпыз?!
Неге біз осы...
Неге біз осы...
Неге біз осы?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге біз осы?! өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Неге біз осы?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге біз осы?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге біз осы?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері