Сарыбел – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Сарыбел» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1649
Сарыбел, салқын самал ескен желің,
Қол созып асқар тауға өскен елің,
Қабаққа шыққан кезде тебіреніп,
Шарлайсың көз, көңілдің жеткен жерін.

Сазды әуен Сарыбелден шырқалса бір,
Тыңдайды таңдай қағып Тұрпан, Садыр,
Сайында сарқыраған Тышқан суы,
Арқырап, тас қопарар бұрқанса бір.

Қайырмасы:
Көңілдің сазындай Сарыбел,
Көріндің сағымдай Сарыбел,
Барыңды бағалай білейік,
Бауырмал ағайын, қалың ел,
Қол бұлғап, қимайды кетерде,
Дегендей сағынып тағы кел,
Сарыбел, Сарыбел, Сарыбел!

Табиғат сірә тарлық көрсетпеген,
Бәрін де үйіп берген, өлшеп берген,
Көңілің көлдей болып, көкке өрлейді,
Нарынды көрген кезде Көлтекшемен.

Сарысай, Байғатын мен Қызылкеріш.
Байғазы құт дарыған бұрынғы өріс.
Байсалды Байсуанның балалары,
Тереді терін төгіп, бүгін жеміс.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыбел өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сарыбел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыбел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарыбел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері