Бұлақ – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бұлақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4260
Сарша тамыз ішінде,
Ыстық еді күн неткен.
Жасыл барқыт пішінде,
Жайқалып тұр ну біткен.
Тосын үстін түр жауып,
Құба талды құлақұм.
Көрдім сонда, көз тауып
Құлай аққан бұлағын.
Құмға төсеп кеудемді,
Еңкейе қап, су іштім.
Көкірегіме дем берді,
Ойнап көзде бір ұшқын.
Тамырыма таралды,
Сол бұлақтан нәр алдым.
Суы шөлді қандырды,
Ақ сүтіндей анамның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлақ өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері