Домнашы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Домнашы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1831
Жырлапты ақын ер ісін,
Жортып жалғыз сабылған.
Жолақ-жолақ терісін,
Жолбарыстың жамылған.
Жолбарысты мен бүгін,
Жыр етейін несіне.
Шын батырды көр бүгін,
Бар да магнит пешіне.
Алай-дүлей айнала,
Лапылдаған от-жалын,
Домнаның пеші долдана
Шашады қызыл шоқтарын.
Омырауы толы орденге,
Магнитпен бірге өскен.
Көрдім батыр сол жерде
Темірменен тілдескен.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домнашы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Домнашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домнашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домнашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері