Домбыралы төбелес

Бұл бетте «Домбыралы төбелес» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1787
Хабарланып қауымға,
Концерт келді ауылға.
Тайлы таяғымызбен,
Өгіз аяңымызбен
Клубқа қарай ағылдық,
Өйткені, өнерді сағындық.
Концерт болғанда қандай?
Біріміз қалмай,
Қызықтадық-ау сол кеш бір,
Негізгі топ оркестр:
Теноры бар, басы бар,
Кәрісі бар, жасы бар,
Әншісі, күйшісі бар,
Бұралған бишісі бар –
Жетпіске саны таласар,
Бір колхоз десек те жарасар.
Обалы не керек,
Домбыраларын төбелеп,
Әндерін айтып жатыр,
Күйлерін тартып жатыр,
Билерін билеп жатыр,
Зал іші гулеп жатыр.
Көптің күткені осы да,
Қол соғып жатыр жосыла.
Концерттен кейін асханада
Әртістер қонақ болды.
Қонақтың күткені ас қана ма?
Ішімдік мол-ақ болды.
Әртістер аздан соң қыза бастады,
Отырыстың шырқын бұза бастады:
– Әй, осы жерде сен кім? – деп,
Қалшылдап та селкілдеп,
Ең мықтысы менмін, – деп,
Бірімен бірі жағаласып кетті,
Опыр-топыр араласып кетті.
Әлдісі әлін жұмсайды,
Әлсізі бойындағы барын жұмсайды.
Домбыралар қолға алынды,
Қолға емес – сорға алынды.
Әрбір басты дүр санап,
Бірін-бірі жүр сабап,
Шағылып жатыр кіл шанақ.
Бүлініп жатыр бұғақтар,
Жырылып жатыр құлақтар.
Концерттің осы болды көкесі:
Бірінің ісіп шекесі,
Көгеріп көзі бірінің,
Бірінің бұзып мұрынын,
Бір кезде төбелес аяқталды,
(Демейміз бірін-бірі аяп қалды),
Домбыралардан тек таяқ қалды.
Артынша таң атты,
Мастықтарын таратты,
Достарды жерге қаратты.
* * *
Келесі ауыл концертті күтіп отыр,
Не домбыраның сау бірі жоқ,
Не жұртқа қарар түрі жоқ,
Әртістер болса, бітіп отыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыралы төбелес өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Домбыралы төбелес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыралы төбелес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыралы төбелес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері