Қанатты керуен

Бұл бетте «Қанатты керуен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 644
Күз кейпін кергің бір келсе егер,
Қыраны шың сүйген қырға бар,
Тоғайы жел соқса теңселер,
Қиқулап қайтқан қаз,
тырналар...
Ұзамай үскіріп келетін
Қыстан да бергендей бір хабар,
Сұңқылдап көктен күй төгетін
Сусылдап ұшты қаз,
тырналар.
Қанаты керуен көшінен
Көз алмай көкке мен қадалдым,
Қанаттар суылы есілген
Күйіндей құйылды даламның.
Жолының желісін аспанға
Құс көші үшкілдей тартты да
Қаз-қатар тізіліп асты алға,
Шашылған жұлдыздай ақты да...
Қанатын қалам қып қиқулап,
Аспанның төсіне жыр жазып,
Жанды ылғи нүктедей бұлтылдап,
Көкте ұшты бауырын бір жазып.
Шіркін-ай! – қанатты керуен
Легінде құс болып бірге ұшсам,
Аспанда жырмен сап серуен,
Аспанда атырсам тұңғыш тақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатты керуен өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Қанатты керуен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатты керуен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатты керуен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері