Шаруа күз

Бұл бетте «Шаруа күз» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 635
Төбеден күз бұлты төнеді,
Тау басы бұлыңғыр көк тұман...
Таудан мал түсіріп келеді
Өр тұлға жас шопан – от қыран!
Жомарт жаз туғызған жайқалтып:
Жүзімі, шиесі, алмасы
Толқып бір қалаға жол тартып,
Тоты күз той тойлап қалды осы.
Алатау баулыған бау-бақтан
Ал қызыл алмалар домалап,
Ауылдан албырап, тау жақтан
Ауызға түсті бал бола қап...
Қырдың құп қаптап ап егісін,
Құшағын толтыра қамбамыз,
Жаздың мол бал-шырын жемісін
Жинаумен тершіді шаруа күз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа күз өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Шаруа күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шаруа күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері