Күз көріністері

Бұл бетте «Күз көріністері» атты Тайыр Жароков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 979
Кеп-кеше жаз еді, кеп-кеше,
Шапшаң-ақ күз келіп қалыпты,
Десем де: мезгіл тез өтпеші,
Ол – тіпті, алды орап алыпты...
Кеп-кеше жаз еді, кеп-кеше,
Күз лебі бізді кеп тауыпты,
Жаңбыр да емес тек өткінші,
Таулар да қабағын жауыпты.
Кеп-кеше жаз еді, кеп-кеше,
Әп-сәтте күз бола кетіпті,
Жаз бізге қол бұлғап өткенше,
Көк тамшы тау төсін шертіпті...
Күз бейне ашушаң әжедей
Сыпырғыш орнына желді ұстап,
Сыпырды жер шанын межелей,
Жаңбыр да шашты ол уыстап.
Жаздағы жап-жасыл жапырақ
Әп-сәтте сарғайып қалыпты.
Ағаштан оны жел жыртып ап,
Бір-бірлеп бұтадан қағыпты...
Сарғайып жапырақ қуарып, –
Боялғыш шаш оңып кеткендей, –
Бір талдап ап қырау ұрланып
Самайға сәл інжу сепкендей...
Кеп-кеше жаз еді, күн ыстық,
Маржан дән құйылтқан қырларға,
Күз дағы көзге бір тым ыстық,
Келсін күз, күзсіз жаз туар ма!
Кеп-кеше жаз еді, кеп-кеше,
Шапшаң-ақ күз келіп қалыпты,
Десем де: мезгіл тез өтпеші! –
Ол – тіпті, алды орап алыпты...
Әр мезгіл өзінше тамаша,
Керікті күз дағы жазға тән,
Күз суық көзімен қараса,
Мен ыстық жырымды маздатам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз көріністері өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Күз көріністері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз көріністері өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз көріністері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері