Себеле, себеле!

Бұл бетте «Себеле, себеле!» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 729
Күзгі аспан, бұлт кезі жасаурап,
Қайтеді, сәл тамшы себе ме?
Сепсең сеп, ал жаңбыр, жау саулап,
Күзгі нұр себеле, себеле!
Кәне жер жыртылған ұлтанын
Көк тамшы шегеңмен шегеле,
Бұлқын бұлт, болмасын бұлтағың,
Ал, жаңбыр, себеле, себеле!
Шаң шалған жер жонын шомылтып,
Дем берші, шөлдеген денеге,
Торқалы төбені тоғылтып,
Жау жаңбыр, себеле, себеле!
Тау басын бір теуіп өтті де
Бұлт әне шығып ап әуеге,
Лақтырды аспаннан төкті де
Жаңбырды шелектеп төбеге.
Жалғаған жер мен көк арасын
Нөсер бір көкпеңбек теңіздей, –
Тіреу ме деп те, я қаласың, –
Тұрсын ба жерді көк емізбей!
Жаңбырға жекіріп ешкім де
Дей алмас: – Жауасың сен неге?
Көктемде дән қаулап өсуге
Күзгі нұр, себеле, себеле!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Себеле, себеле! өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Себеле, себеле! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Себеле, себеле! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Себеле, себеле! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері