Балалық – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Балалық» атты Жұмағали Саин жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2505
Базарда, базар бір базар
Қызықсың - ау, балалық!
Бедерін. гауһар, сап алтын
Жүзіксің - ау, балалық!
Аспанға күндей жарқылдап
Шығыпсың - ау, балалық!
Өмірде күміс шабықтай
Жүзіпсің - ау, балалық!
— Ей, балалық, балалық,
Тоғайдан келші тал алып.
Томпаңдап мен де ойнайын
Торала құнан саналып.
Қашағанды құр-құрлап
Ортамызға қамалық.
Қатарласа жарысып
Қиқу салып шабалық.
Күміс те емес, күн де емес,
Теңдесі жоқ балалық,
Сағынбайтын әлемде
Пендесі жоқ, балалық.
Балалық - ау, балалық,
Кел, бір ойнап таралық!
Мадақтайық бір сені
Шекеңе шоқ қадалық,
«Бірім – бірім - бірім» деп
Саусақты да саналық,
Көзді тас қып жұмалық,
«Кім түрткенін» табалық.
Кел, жарыса шабалық,
Біздің үйге баралық.
— Ей, балалық, балалық!
Есте болсын даналық,
Кім ұмытқан сабағын
Кәне кітап қаралық!
Білім шамын жағалық
Оқып өнер табалық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Балалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері