...бәлкім – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «...бәлкім» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Кеберсіп барады мүлде,
Ерніңе сүйеген ерін.
Өзгені құшақтап түнде,
Өзіңді сүйе беремін.

Жасырын нөмірден күнде,
Қоңырау шаласың неге?
Жасырын нөмірден түнде,
Қоңырау шаламын неге?

Үнсіздік... жымиыс... тосын,
Бұл бәлкім - өлімнің үні.
Демігу... күрсініс сосын,
Бұл бәлкім - Өмірдің мұңы.

Бөрідей аласұрған ұлып,
Өтуде өзіңсіз әр күн.
Бақиға енген соң күліп,
Бақытты болармыз бәлкім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...бәлкім өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

...бәлкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...бәлкім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...бәлкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері