Түсініксіз – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Түсініксіз» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 855
Зу-ылдап құлады жұлдыздар,
Жер-ана үстінен көр қазып.
Денемнен сылынып сүйектер
Менде ұштым ғаламға тым өзге:
Сөзіммен тұрманы ерттелген,
Жыл бұрын құрлыққа серт бергем:
«Көлеңкем соңымнан ерсін деп,
Шашылған сүйекті көрсін деп,
Жүректен бөлініп, сүйегі мерт болған
Бейбақтың мәйітін -
Шалтаудың басына көмсін деп...
Қолынан келсе егер адамдар
Мен құсап жүрексіз өлсін деп»
Ауа тар, кеңістік жолында келемін -
Ұшып мен,
Қара Жер Құрбаны бітімі бөлектеу -
Тек еттен жаралған -
Түсік пе ем...
Мен жердің ауасын жұтқанмен -
Жұмағын бокалға толтырып ішіп пе ем...
... ай тұсы аялдап...
Тұрғанда маңдайым нұрланып,
Сәулесі сөнген тым сәл ғана ұшқынмен-
Ақ Шолпан қарайды Ұрланып.
Ұшқынын көргенмен жарықтың -
Түнекке тығылып алыппын...
Түнекке рең беріп күліп күн,
Тұтатты шылымын үміттің.
Осы сәт... тек түнде...
Көк жүзін шарлайтын.
Білгіштер -
Телескоппен барлайтын.
Андромеда жиекте жарқ етті -
Болбырақ боз сұлбам болбырап -
Жанарым жалт етті.
...пенделік болмыспен қымсынбай -
Өзгеше ӨЛІМГЕ құлшынбай -
«Адамды емес еш -
Өзіңді сүйем» деп сыбырлап -
Тіл қаттым.
Темірдей тот басқан -
Жүректің бүлкілін тыңдаттым...
... тұрпаты өзгеріп тіпті «оның» -
Жауабы қатқылдау шықты оның:
«Сөздерің сілкіді жүректі мендегі -
Бойымды бөлек күй баурады, меңдеді -
Бірақ та, ғафу ет, сүймеймін,
Сүйексіз, тірейтін тиексіз пендені!»
... жыладым сол кезде-
Көзімнің маңайын шық басып,
...естуім бойынша -
Сүйегім алыпты жер құшқан -
Кометамен жұптасып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсініксіз өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Түсініксіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсініксіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсініксіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері