Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 521
Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа,
енді мені бастасаңшы жұмаққа,
емін-еркін күлейік те біз де бір,
жүрейік те жан баспаған жырақта.
Жалғыз жұтып тауысардай көліңді,
қандырсаңшы қаталаған шөлімді.
Бұрыс қалған баққа барып, бой түзеп,
Жазайын бір құрыстанған белімді.
Енді, жаным, елемеші ел сөзін,
бұрынғыдан батылырақ болшы өзің, —
Бүгін бізге иіп тұр ғой дүние,
жұмағың да тиіп тұр ғой.. қол созым.
Кім біліпті қайда барып тынарын,
Сүйреп алып кетті мені бір ағын,
аман-есен өткізе гөр ар жаққа.
жағалауға жеткізе гор, шырағым.
Сұлуырақ бола түсіп енді өмір,
Күйсандықтай күмбірлейді кең көңіл,
Енді өзіңе ерейін де, жарығым,
бақытты боп көрейін де мен де бір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері