Кешқұрым

Бұл бетте «Кешқұрым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1566
Кешқұрым...
Талып жетіп қырқадан үн,
Жас сұлу махаббаттың шырқады әнін,
Тұтқиыл тымық түні дауыл тұрып,
кеудесі көк теңіздей бұрқағанын.
Тандырған жігітті де, оны да естен,
күндерін қосады әнге өліп-өшкен,
Қаншама азапта да, мазақта да,
жүргенін жүрек оты кеміместен.
Қызуын — кешегі ыстық от түндердің,
қызығын — қуанышы көп күндердің,
қыстыға қосады әнге қайран ғашық,
хош айтып қыз-дәуренге шектірген мұң.
Мәпелеп бағып-күткен гүл-егінін,
кеткендей бұршақ ұрып, білеп үнін,
Шағынды-ау құрып кеткір көркін де айтып,
өршіген ертін де айтып жүрегінің.
Өртенген аш өзегін дерті кілең,
неткен жан деп ойладым мен түнімен.
...Құлақта сыңсып салғап қыздың әні...
көңілде көп мұңайған сен тұрып ең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешқұрым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кешқұрым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешқұрым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешқұрым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері