Қызығымның былайғы тастап бәрін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қызығымның былайғы тастап бәрін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Қызығымның былайғы тастап бәрін,
келіп еді тағы бір асқақтағым,
бас тартқаның демесең болды, жаным,
қашқақтадым,
амалсыз қашқақтадым.
Сен десем де ендігі салар әнім,
күпті болар күні ертең жара мәлім.
Өте тұра — өзіңді — кезіккенде
көре тұра — көзіңе қарамадым.
Бір иіскесем монтиған анардан кеп,
Қөңіл-итің құнығып,
алар дәндеп.
Қашқақтадым амалсыз қаталатқан
махаббаттан айырылып қалам ба деп!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығымның былайғы тастап бәрін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қызығымның былайғы тастап бәрін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызығымның былайғы тастап бәрін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызығымның былайғы тастап бәрін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері