Қадірлі ана

Бұл бетте «Қадірлі ана» атты Әбілда Аймақ жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1544
Қадірлі ана,
Мен сені танымаймын,
Маған тартқан сыйлығың–жарық – Ай, Күн.
Жатқанымда уызға жарымай дым,
Жоқ кезінде көңілде тарыдай мұң.
Қатал тағдыр жалмапты сені мүлде,
Телігенін білмеймін мені кімге?
Сондықтан да демеу боп тұрмадың сен
Бірде бұлтты, бірде ашық көңілімде.
Кім тіріде тірлікті бағаласын,
Өтіп жатқан әрбір күн балаңа сын.
Айта алмадым тойларда тебіреніп,
Шалқытып бір Шәмшінің «Анамасын».
Кімді айыптап білмеймін, ақтарымды,
Саған арнап бергем жоқ тапқанымды.
Сапар шегіп ауылдан жырақ кетсем,
Адам да жоқ күтетін хаттарымды.
Кемпірлер де сен жайлы сұрамаған,
Оңашада тек өзім жылап алам.
Самарқанның көк тасы табылар-ау,
Бұйырмапты молаң да мына маған.
Тұншықтырып адасып тұманда әнім,
«Ана» болып келеді шын арманым.
Шимайлаудан әріге аса алмадым,
Келсе дағы өзіңе жыр арнағым.
Ашық болып тұрса да жарық ай, күн,
Өтер дейсің, өкінбей, налымай кім?
Жырым түгіл, ғұмырды сыйлар едім,
Қайтем, Ана, мен сені танымаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадірлі ана өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Қадірлі ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадірлі ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қадірлі ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері