Өлең, жыр, ақындар

Көрсе де анаң жүзіңнен ой тұнғанын

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1087
Көрсе де анаң жүзіңнен ой тұнғанын,
Келмеді ме мен жайлы айтуға әлің.
Кібіртіктеп текемет түрін түртіп,
Көңіліңде қалықтап айтулы әнің.
Не болар деп кейінгі болашағым,
Түнердің бе күніндей қарашаның?
Көкейдегі ойыңды айта алмастан
Санадың ба оюын алашаның?
Өткізгенде оңаша түнді үмітпен,
Алыстың-ау, арайлым, сұм күдікпен.
Жарым түнде түрегеп отырдың ба
Сілкіп тастап кірпікке мұңды іліккен?
...Түсінемін, жағдайың сұрақ, күдік,
Ой біткенді сонда да лақтырып,
Айтарсың-ау анаңа мен туралы,
Қып-қызыл боп ұялып, жылап тұрып.
Орындалып өшпейтін айтулы әнің,
Анаңа да көрерсің ой туғанын.
Маңдайыңнан сүйгізіп, ақ тілеумен
Қала жаққа жасарсың қайту қамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойға батып отырамын

  • 0
  • 0

Ойға батып отырамын,
Келмесе деп атыма мін.
Бауырымда сусындаған,
Қайда түсер жапырағым?

Толық

Қорқыт

  • 0
  • 0

Дәдәм Қорқыт, киелім,
Қаным менен сүйегім,
Сол заманда ағыттың
Қобызыңнын тиегін.

Толық

Композитор Қалдыбай Құрманәлиевке

  • 0
  • 0

Жалшымаған жаншылған жан сығылды,
Кірпігіме қаншама тамшы ілінді.
Қызыл шақа жүрегім дір-дір етіп,
Арыстанды Қарабасқа қарсы ұрынды.

Толық