Ақ қарға жаздым атыңды – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ақ қарға жаздым атыңды» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2824
Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйінен шыға көрсін деп.
Асығып бара жатқанда,
Аялдап көңіл бөлсін деп.
Ақ қарға сені теңгердім,
Ғарыштан келім қонатын.
Арымдай саған сенгенмін,
Кеудемде шамдай жанатын.
Беймәлім көрдің, көрмедің,
Нәр алғам тәтті күйден мен
Қасыма бірақ келмедің,
Баруға мен де именгем.
Балалық шақта кез кеппін,
Ыстық-ақ еді мекенің.
Атыңның сонда сезбеппін,
Ақ қармен еріп кетерін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қарға жаздым атыңды өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Ақ қарға жаздым атыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қарға жаздым атыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қарға жаздым атыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері