Ести-ести ежелгі ескі үндерді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ести-ести ежелгі ескі үндерді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 885
Ести-ести ежелгі ескі үндерді,
Ұқсамайын дедім де
ешкімге енді.
Айһай деген,
Борандай бұрқырап бір,
Бөскім келді,
Менің де бөскім келді.
Ауыздыға айнала сөз де бермей,
Бескім келді менің де
Өзгелердей.
Аяқ ізі түспеген алысты аңсап
Құлан іздеп,
Құладүз кезген ердей.
Шешен жоқтай
Менімен теңдес тілге,
Қара сөзде жанға дес бермеспін де,
Дедім де бір
даралау кеткім келді,
Өткім келді ұқсамай енді ешкімге.
Сынамақ та ем біржола бағымды әрі,
Қазақта жоқ сез бірақ табылмады.
Тұмсығы тасқа тиген мекіредей,
Осы болды-ау тауымның шағылғаны.
Басылып бірте-бірте асылық сәт,
Өмірдің ақырын кеп нәшін ұқсақ,
Қашан да тұрады екен
Қазағыңның,
Біріне бас, біріне қасың ұқсап.
Көнді деп,
Қанша жүйрік сөз ырқына,
Кетсең де елден ерек тез ұмтыла,
Ұқсамау мүмкін емес екен тегі
Өмірде,
Өлеңде де өз ұлтыңа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ести-ести ежелгі ескі үндерді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ести-ести ежелгі ескі үндерді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ести-ести ежелгі ескі үндерді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ести-ести ежелгі ескі үндерді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері