Бұл өмірде кісімен – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бұл өмірде кісімен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Бұл өмірде кісімен
болмасам да бақталас,
боқтамаса ішінен,
бірі мені мақтамас.
Жылар жерде жыламай,
күлмес жерде күлдім бе,—
шала таныс бір ағай
жақтырмай жүр бүл күнде.
Қызғана ма орнымды,
қай сұмырай қалды аяп,—
Күндей-күндей қор қылды,
менде кегі бардай-ақ.
Жаны мүлде жай таппай,
жағаласып бір керең,
басқаларға байқатпай
баспалайды іргеден.
Күндейтіндей қор неме,
жүндейтіндей сыртымнан,
шықпап едім төрге де,
бұқпап едім жұртымнан:
озбағамын өрде мең,
қозғар әнім кеп тегі,
жазығы жоқ пендемен
жауласқаны, неткені?
Күліп-ойнап жүрдік тең
дей алмаймын күш те кем,
қулықпен де сұмдықпен
жұрт алдына түспеп ем! 
Жазығы жоқ жандыға,
жаужүрекпін мен деген,
біреуінің алдына
тұрмаған ем көлденең.
Өмірдегі өз орның
өзіңдікі десті үн де,
бермейін деп,
безердім,
ермейін деп,
ешкімге.
Құтылмады қыртыңнан,
кетті мені көп "елеп".
Сөз етердей сыртымнан,
осыларға не керек?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірде кісімен өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірде кісімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмірде кісімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірде кісімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері