Көп қарадым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көп қарадым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Аязда аяқ тоңып,
күш те кеміп,
жігіт тұр темекісін тістене еміп.
алаңдап зәулім үйдің есігіне,
атылып шығатындай іштен елік.
Қараумен сағатына ара-тұра,
қалмай да бара жатыр тағаты да.
Қос қолын қолтығына тығып алып,
билеген болады өзі ара-тұра.
Апыр-ау, талшық алып тек үміттен,
баяғы мен ғой мынау
сені күткен.
Өзіңді бір көргеннен
түндерге ерген,
бойына жігіттіктің желі біткен.
Аумайды қалпағы да басындағы,
(Ауылдан келгендігін жасырғаны).
Ақ үйден атып шыққан анау қыз да
сенсің ғой,
сенсің... жиырма жасындағы.
Апыр-ай, өзіммен бе,
басқамын ба?
(Өмір-ай, өте шыққан қас-қағымда!)
Ақ үйге кіріп,
қайта шықпақ едің,
сарғайтып
сыртқа
мені тастадың да.
Мені сен осылай да жазалап ең,
көңілден өшті-ау қайғың азабы әрең,
Онда мен өз жолында өлуге бар,
Махаббат дегеніңе тазарақ ем.
Онда мен қазіргіден бөлек едім,
(Қайтейін, біле тұра, елемедің),
Өзімдей сүйе алмас деп ойлайтын ем,
жырдағы Қыз Жібекті Төлегенің...
Кеттің сен.
сол кеткеннен тоқтамадың,
арада жылдар өтті, жоқтамадым.
...Сыртынан
жаңағы бір жас жігіттің
қызығып,
енді бүгін
көп қарадым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп қарадым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көп қарадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп қарадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп қарадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері