Бұлақ басында – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бұлақ басында» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Егілгеннен енді кеп,
не шығады, балбұлақ?—
Ағаш басы селдіреп,
қаңырап-ақ қалды бақ.
Былдыр-былдыр еткенмен,
балғын денең мұздай ма?—
Қыдырыстап көп келген
құба талдай қыз қайда?
Жатпаған соң шұбап із,
жадырамай тұрды өңір,
қайда кеткен
құба қыз
қарап қойып жүрген ұл?
Сенен алған әсерін
тауысатын күй айтып,
қайда кеткен жас өмір
төңірегін мұңайтып?
Мөлдіреген көзінде
тұнып қана тастарың,
енді бүгін
өзіңде
ұмыт қала бастадың.
Басылды ма күркірің,
жабырқамай,
жайлап ақ,—
Тағдыр деген шіркінің
кейде осылай тайғанақ.
Егілсем де күндікке,
ем болмады тыңдап ән,
Тұрлауы жоқ тірлікте
кімнің сағы сынбаған!
Тарылам деп өріс тұр,
жасы мейлің,
жасыма,
құбақан қыз,
келісті ұл
келмей кетті басыңа.
Егілгеннен енді кеп,
не шығады, балбұлақ,
бұта басы селдіреп,
бұйығьш-ақ қалды бақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлақ басында өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бұлақ басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлақ басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлақ басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері