Өгей шеше – Ізтай Мәмбетов

Бұл бетте «Өгей шеше» атты Ізтай Мәмбетов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.01.2021
  • 0
  • 1
  • 5036
Анам жоқ! Қалдым жетім, жас моншақтап,
Он төрттен жаңа ғана асқан шақта-ақ.
Көп өтті көңілсіз күн керуені,
Кенет кірдің cен үйге жасқаншақтап.

Жатырқап сонда саған кілт қарадым,
Жабылған болар жайсыз бұлт-қабағым.
Үндемей қалғанымды көрсе-дағы,
Жанына үңілмеді жұрт баланың.

Дөңбекшіп көз ілмедім түніменен,
Жетті деп «Өгей шеше күні» деген.
Елестеп туған анам жарқын жүзі,
Қалықтап кетпей қойды үні менен.

Сәл ұйықтап қалған екем таң алдында,
Ояттың «бар, – деп, –
Ізтай, сабағыңа!»
Дір етті алғаш сонда бала жүрек,
Бір сезім жалт еткендей жанарыңда.

Сан рет шұғыла шашып шығыс таңы,
Апталар айды қуып жылыстады.
Шешіліп сөйлеспестен жүрдік ұзақ,
Әке де аңдамады жұмыстағы.

Ұмытпан інім мені шақырғанын,
Жығылып, жасын төгіп жатыр жаным.
Есімде сен де сол сәт жетіп келіп:
«Апыр-ай, қарағым!» деп аһ ұрғаның.

Мен үнсіз екеуіңе қарап едім,
Тұрғызып, жұққан шаңын қаға бердің.
Сипадың маңдайынан еркелетіп,
Сонда алғаш келді сені ана дегім...

Есімде алыс жолға аттанғаным,
Онда да саған сырды ақтармадым.
Өз анам өскенімді көрмеді-ау деп,
Жанымда жабырқаулы жатты арманым.

Жасырды көз жасымды алагеуім,
Бір сүйіп маңдайымнан қала бердің.
Мен кеттім, ізіме үнсіз тұрдың қарап,
Сонда алғаш іштей сені ана дедім.

Аузынан жырып алып сары шалдың,
Барыңды маған сақтап, маған салдың.
Сағынып жүрдім сені, өзім сезбей,
Жаныңа тез жетуді сан аңсадым.

Өзіңмен көрісуге құмарландым.
Бітердей көңілдегі бар арманым.
Сағынған жас жүректің жалынымен
Сонда алғаш «Анажан!» деп жыр арнадым...

Қуандың өскеніне талабымның,
Қуандым, құрбылардай аналы ұлмын.
Бір ыстық дәстүрі ғой туған жұрттың,
Баламды бауырыңа алып бала қылдың.

Жан анам көз жұмса да ерте менің,
Құрбымның қатарына сен теңедің.
Сен-дағы өз анамсың, өгей емес,
Келеді кеш болса да еркелегім.


Пікірлер (1)

Айзадп

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өгей шеше өлеңінің авторы кім?

Ізтай Мәмбетов — осы өлеңнің авторы.

Өгей шеше өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өгей шеше өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өгей шеше өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері