Анашым – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Анашым» атты Ерхан Болатұлы жазған ана туралы өлең берілген.

  • 11.05.2018
  • 0
  • 1
  • 2262
Анашым...
Екен ғой тағдырым тарасым.
Уақыт өмірдің өлшемі,
Меңзейтін өлімнің арасын.

Дара шың...
Есімде үнің де қарасың.
Еске алып жанардан жас тамды,
Таңа алмай жүректің жарасын.

Үніңде...
Жеткенім кешеден бүгінге.
Мадақтап келіп тұр міскіндер,
Қадірің білінбей тіріңде...

Бейнеңіз...
Кезіккен жандаймыз бейне біз.
Өңімде жүргендей сезінем,
Түсіме енгенде кейде сіз...

Өтер із...
Жолығар сәттерге жетеміз.
Пенделер қонақтық мекенді,
Сіздердей біз тастап кетеміз.

Атылды оқ...
Шимайлап қоямын ақын боп.
Қасымда сіз жоқсыз ендеше,
Сағынбай жүруге хақым жоқ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айару

Бұлар керемет өлеңдер екен екен маған қатты ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері