Екінші хат – Ерхан Болатұлы

Бұл бетте «Екінші хат» атты Ерхан Болатұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.12.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Дəке досым,
жүрсің бе мал-жан есен?!
Өткендегі пəтерден таңда көшем.
Жалдағаны құрысын жəутеңдеумен,
Зықым қайнап кетіп жүр аңдап есем...

Бірі жоқ қой қайдасың елең етпек,
Ақыл керек болып жүр сенен ептеп.
Сықиып ап іш жылап сырт күлесің,
Бəрі ойласын деуменен керемет деп...

Жүрмесін ғой білерсің жатым сынап,
Көрінуге тырысып батырсымақ.
Адам іші аласын аңғармайтын,
Ақымақпын бір жүрген ақынсымақ...

Бір кеңесің сырласым керек түсін,
Менен бұрын мұндайға сен ептісің.
Сенен соны өтінем ақылыңды айт,
Менен гөрі ақылды емеспісің?!

Ұлы арманы секілді ұлылықтың,
Сыналудан сынақтың сырын ұқтым.
Мазарына бардың ба ата-анамның?
Еске салу сəтін де ұмытыппын...

Оқыдың ба, Құранның сүресінен,
Пайғамбарым пендем деп күресіп ең.
Сауабынан тисін деп айта алдың ба?
«Фатиха» мен «Ықылас» - үлесінен..

Үй – семсе өтті жыл семер қанша,
Өтініші дегейсің ел аңғарса.
Дұға етіп тұрғайсың жол түскенде,
Келгенінше шамаңның келе алғанша...

Сағындым ғой қалғанда қара түн кеп,
Жанарымнан жас бұлап тамарың көп.
Себебінен сандалған қу тірліктің,
Бара алмай мен жүрмін барамын деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екінші хат өлеңінің авторы кім?

Ерхан Болатұлы — осы өлеңнің авторы.

Екінші хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екінші хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерхан Болатұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екінші хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері