Әлди, әлди /1-нұсқа/

Бұл бетте «Әлди, әлди /1-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 9534
Әлди, әлди, әл бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.

Әлди, әлди, әлди жар,
Аспаннан бұлт, жауды қар.
Әли мінген дүлдүлдің
Саурысында бар-ды қал.
Аспаннан түскен көк қошқар –
Шығыршық мүйіз жануар.

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Жалпыға жаман болса да,
Өзіме жақсы аппағым.

Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым,
Жапанға біткен терегім,
Жаман күнде керегім.

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Қонақ келсе, қой бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Қуырдағына той, бөпем.

Әлди, әлди, анашым,
Қой терісі шанашым.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген анашым.

Әлди, әлди, апатай,
Көп жылама, қалқатай.
Әлдилесем жыламас
Ақылы көп қалқатай.

Әй, Алдоңғар, Алдоңғар,
Алла болғай бізге жар.
Әли мінген шұбардың
Асығында ағы бар,
Тобығында меңі бар.

Салақұлаш мойны бар,
Аққан дария сеңі бар,
Әркімдердің теңі бар.
Үлкен үйде бақан бар,
Бәйбішеге тоқыл бар,
Сом темірге балға бар,
Сомсынғанға күшті бар.

Айналайын, айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Шаһар Бұқар кентіміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлди, әлди /1-нұсқа/ өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әлди, әлди /1-нұсқа/ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлди, әлди /1-нұсқа/ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлди, әлди /1-нұсқа/ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері