Әридай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әридай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2200
Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,
Ақын-салдар құрады бек салтанат-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,
Үлкендерден қалыпты ойын-санат-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,
Қойдың еті тураса болады ұсақ-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.

Атамыздың атасы өлеңші екен-ей,
Біз де өлеңші болайық, солар құсап-ей.

Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әридай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әридай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әридай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әридай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері