Ағаштармен қыдырамын бiрге мен

Бұл бетте «Ағаштармен қыдырамын бiрге мен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Ағаштармен қыдырамын бiрге мен,
қарамастан күндiзге де, түнге де.
Емiн-еркiн сырласатын достардай
ағаштармен қыдырамын бiрге мен.
Көкiректi ойлар торлап алғанда,
қыдырамыз тауларда да,
жондарда.
өмiр жайлы,
өлең жайлы сөйлесiп
қыдырамыз парктерде,
орманда.
Мейлi менi қияли деп атаңыз.
Тұңғиық бiр ойларға бiз батамыз.
Жол бойында қатарласып үн-түнсiз
кетiп бара жатамыз.
Шөлдеп жүрген керемет бiр дастанға
олар маған ақын көңiл достардай.
Мен келгенде қуаныштан құстарын
шашып келiп жебередi аспанға.
Кiдiрместен,
күн салмастан араға
қыдырамыз қалада да,
далада.
Кетемiз бiз белдер асып,
жон асып –
аяз, боран,
аптаптарға қарамай.
Қыста, әрине, олар мұңға батады,
көктемiмнiң аймаласа шапағы
машинамен қоныс iздеп жаңадан
көшеттерi көшiп бара жатады.
Өсер барып жаңа ашылған каналға,
өсер барып жаңа ашылған алаңға.
Жаңа ауданнан бар қалалық Советтер
жер бөледi оларға.
Сол кезде мен шаттанамын, қуанам.
Қуану да – құтылу ғой күнәдан.
Оларды мен алақанмен аялап
сезiмiммен суарам.
Өн бойында жатыр оның тығылып
даналық та,
ойлылық та,
жылылық.
Содан ба екен үйден шығып кетем де
ағаштармен жүрем ұзақ қыдырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағаштармен қыдырамын бiрге мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері