Түрмеден қашқан адамның шошынуы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түрмеден қашқан адамның шошынуы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 825
Атадан қалған мұрадай.
Мұңданып күн-түн жылаған –
қысымға қатал шыдамай
түрмеден қашты бiр адам.
Күл болып кенет арманы
қалды оның жаны тарынып, –
сығылып бүкiл жан-жағы
айнала кеттi тарылып.
Жәутеңдеп қалды табанда
ашылды жанның жарасы, –
мұп-мұздай тартып адамдар,
суық боп кеттi қала iшi!
Шошынды –
тиып желiгiн! –
Шошынды арсыз беттерден –
Жандарды көрiп
елiнiң
тәуелсiздiгiн жек көрген.
Шошынды! –
тиып желiгiн! –
Шошынды бұғып қашқақтап –
жандарды көрiп
елiнiң
азаттығынан бас тартқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрмеден қашқан адамның шошынуы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түрмеден қашқан адамның шошынуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрмеден қашқан адамның шошынуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрмеден қашқан адамның шошынуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері