Күту – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күту» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1023
Өзгеше боп есiтiлiп өз үнiм
елеңдейдi сезiгiм мен сезiмiм.
Күте-күте,
күте-күте өзiңдi
тозып бiттi, тозып бiттi төзiмiм.
Түн iшiнде таусылғандай шыдамы
бiреу келiп есiгiмдi ұрады.
Сен екен деп ашам барып жүгiрiп
бiрақ... бiрақ...
ешкiм жоқ боп шығады.
Жатқан кезде түндi қосып түндерге
бiреу жүрер сықырлатып iргемде.
Атып тұрып терезеге үңiлем
кезiп жүрген көрiнбейдi бiр пенде.
Бос бөлмеден – жүрегiмдi жұбатқан
сенiң үнiң естiледi құлаққа.
Шыдай алмай жетiп барам бөлмеге.
Шамды жағам,
ешкiм жоқ қой бiрақ та!
Шым-шытырық ойлар, ойлар қамаған
ұстап менi жiбермейдi даладан.
Түу сыртымнан жетiп келер әлдекiм.
Жалт қараймын.
Жоқ қой бiрақ жан адам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күту өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері