Айдын көлім – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Айдын көлім» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 802
Айдын көлім,
не болады аяғы?
Әй, білмедім,—
тел шөгеріп еңсемді,
көңілімді,
өршеленіп барады қайғым менің!..
Айна көлім,
ақ батаңа қолымды жайған едім,—
бірте-бірте жағасы жаймалана,
қайда бара жатырсың, қайран елім?
Алакөлім,
аңсары ауып тұратын балаң едім.
Не болар деп ендігі өмірі де,
көңіліме бірауық қара менің!
Әй, білмедім,
кеше сен де өзімдей айбынды едің,
жағасы да,
даласы жүдей түсіп,
үдей түсіп бара ма қайғым менің.
Жасымаса деп едім айдын көлім,
әй, білмедім,
білмедім,
әй, білмедім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айдын көлім өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Айдын көлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айдын көлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айдын көлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері