Тепе-тең – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тепе-тең» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1184
Ей, Алатау, саған бұл
не болды жер бауырлап?
Бұлты қонып ғаламның
жатырмысың ауырлап?!
Сұрқың сынық бір түрлі,
күлдей сұрғылт қар түсі.
Ауырласаң, бұлтыңның
маған-ақ арт жартысын.
Көрмейінші мен сені
көңілсіз бұл кейіпте.
Не басса да еңсені —
бөліп көтерейік те.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тепе-тең өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Тепе-тең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тепе-тең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тепе-тең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері