Түрлі түстер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түрлі түстер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4289
Бояп әппақ түспенен,
Қандай шебер істеген?
Ақ тілекті анадай –
Қатты ұнайды қыс деген.
Бояп жасыл, көкпенен,
Бар тіршілік көктеген.
Көтеріңкі көңілдер –
Қатты ұнайды көктемем.
Қызыл, қоңыр, қарадан
Жеміс жеп жүр балақан.
Жанның бәрі жайдары –
Жаздың күнін жаратам.
Бояп алтын сарымен,
Ен далама салып өң,
Берекеге бөлеген –
Күзді ұнатам бәрінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрлі түстер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түрлі түстер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрлі түстер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрлі түстер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері