Қолтаңба

Бұл бетте «Қолтаңба» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аман жүр, айналайын, Адай інім,
Жақсының жанына ерген талайының.
Асылдың өзің де бір сынығысың,
Емессің жұқанасы қалайының.
Жігіттің не мықтысын мен де көрдім,
Атының қатты тартқан шап айылын.
Бар болсаң барлығыңды көре алмайды,
Жоқ болсаң бере алмайды ағайының.
Төбеңе әңгіртаяқ ойнатады,
Байқаусыз бола қалса сәл айыбың.
Өнерді кие тұтқан құр қалмайды,
Есігін ашып көңіл сарайының.
Жүргендей сезінесің кейде өзіңді
Ішінде жыртқыш пенен жабайының.
Кісіден құны қымбат осы күні
Шошқаның қорсылдаған торайының.
Қазаққа дауа бар ма жете алмаған,
Біз түгіл, қадіріне Абайының?!
Бағзыдан келе жатқан басын бұрмай,
Бұл өмір солай, інім, солай інім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолтаңба өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қолтаңба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолтаңба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолтаңба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері